21 QaragandY Fod Molod Мемлекет басшысының 2018 жылғы 13 қарашадағы «Жастар жылын жариялау» туралы жарлығын жүзеге асыру мақсатында ағымдағы жылдың 14 қаңтарында Жезқазған қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы «Баян» ЖШС компаниясымен бірлесе отырып, Маруа Құлұшева атындағы балалар үйінің ұжымы мен балалар үйінің тәрбиеленушілерімен «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Бұл жастар саясаты ұлттық назарда ұсталатын басым бағыттардың бірі екендігін көрсетеді. Мемлекеттің жастар саясатын іске асыру бойынша жол картасының жобасы әзірленіп, бірнеше негізгі мақсаттарға арналды. Оның ішінде білім, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, қолжетімді баспана, бизнесті дамыту және қаржылық сауаттылықты арттыру, құқықтық мәдениет және тағы басқалары бар.
Елбасымыз 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауында еліміздің жоғарғы оқу орындарында сапалы білім берудің маңыздылығын атап, түлектердің жұмысқа орналасуы бойынша білім беру мекемелерінің жетістіктер критерийін ұсынды, Назарбаев Университетінің мысалында жаңа аймақтық университеттер қолданысқа білім инфрақұрылымының негізінде құрылуы қажет. Мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласында «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» – гранттар санын ұлғайту, қазіргі заманғы жатақханаларды салу арқылы жастарды оқып-үйренуге жағдай жасау мәселесін көтеретіні кездейсоқ емес. Кешегі университеттер мен колледж түлектерінің көбісі бизнес жүргізуді қалайды, бірақ қайдан бастау керек екенін, бастапқы капиталды қайдан алу керектігін білмейді. Жастар кәсіпкерлігінің бастамасын қолдау жақсы көмек болады деп ойлаймын. Табысты мемлекет құру үшін жастардың тиісті мүмкіндіктері болған жағдайда ғана жұмыс істей алады. Бұл кәсіптік білім, тұрғын үй, отбасын құру шарттары және т.б.
«Бүгін біз, Қазақстанның жастары, біздің еліміздің болашағын анықтап білуіміз керек! Біз тек қана қатысушы емеспіз, бірақ кішігірім Отанымызды дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралардың бастамашылары болып табыламыз».
Жезқазған қаласы ТЖБ қызметкерлері және ЖШС «Баян» компаниясының өкілімен балалар үйінің тәрбиеленушілеріне тәтті сыйлықтар, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы нұсқаулар таратылды.
 
Шайхин Р.А.
Жезқазған қаласы ТЖБ ӨМББ инженері
азаматтық қорғау аға лейтенанты