Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған жолдауында еліміздің тәуелсіздік жылдары атқарылған әлемдік деңгейдегі ауқымды істері айтылып, әлемнің қарқынды түрде өзгеріп келе жатқандығы және еліміздің түрлі сипаттағы өзгерістерге, сын-қатерлерге дайын болып қана қоймай, оснымен қатар үздіксіз даму үстінде болуы қажеттігі баса. Сондай-ақ аталмыш жолдауда еліміздің әл-ауқатын арттыруға бағытталған тұстары көңілге қуаныш пен сенім ұялатады. Мысалға Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің аталмыш Жолдауында бірінші Халық табысының өсуі, екінші Экономикада бәсекелестікті дамыту және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен табиғи монополиялардың қызметі үшін белгіленетін тарифтер саласында тәртіп орнату мақсатымен батыл шаралар қабылдау туралы, үшінші бизнесті заңсыз әкімшілік қысымнан және қылмыстық қудалау қаупінен қорғауды арттыра түсу қажеттігін, төртінші экспортқа бағытталған индустрияландыру мәселесі экономикалық саясаттың негізгі элементі болуға тиіс екендігін, бесіншіден агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыру керектігін, алтыншы инновациялық және сервистік секторларды дамытуға ерекше көңіл бөлген жөн. жетінші нақты экономиканы өркендету үшін қаржы секторының рөлін күшейтіп, ұзақ мерзімді макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету қажет екендігін тілге тиек етіп, одан әрі халықтың тұрмыс сапасын арттыру, білім берудің, денсаулық сақтау саласының, тұрғын үйдің сапасы мен қолжетімділігі, жайлы және қауіпсіз жағдайда өмір сүру мәселелері бойынша біршама тоқталады. Сонымен қатар халықтың жайлы өмір сүруі үшін сапалы әрі қолжетімді баспана мәселесі де тиісті деңгейде айтылған. Жалақының өсуі мен сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бойынша шараларын одан әрі дамыту да абсты назарда екендігін аңғаруға болады. Жалпы алғанда заманың түлкі болса, тазы боп шал деген халық мақалына орай заман ағымына сай қажетті түрлі өзгерістерді енгізу қажеттігі баса айтлығанынан куә боламыз. Міне осы және өзге де мәселелерді қамтыған Жолдау соңында Елбасы қазақстандықтарға жетістікке жету үшін тек Жолдау талаптарын орындап қана жетпейтіндігін, оның ең ұшар басында ел ынтымағы жатқандығын, яғни бірлігіміз мызғымай, ынтымағымыз ыдырамаса алынбайтын асу мен бағынбайтын белестің қалмайтындығын тілге тиек етеді. Ендеше көреген көшбасшымыз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының сарабдал саясатынан туындаған халықтың әл-ауқатын арттыру отырып заман көшінен қалмай ілгері дамуды жалғастыру бойынша көтерілген бастамаларды әрбір қазақстандық кеудесіне түйіп, елімздің одан әрі даму жолында өзінің теңіздің тамшысындай үлесін қосуға ұмтылуы тиіс екендігін аңғаруға болады. Ынтымақты елдің ырысы мол екендігі даусыз.
 
Нұрболат Өмірзақов
Жамбыл облысы ТЖД
Өрт сөндіру қызметінің баспасөз хатшысы