11 pavlodar poslanie Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әрбір Жолдауы – Қазақстан мен қазақстандықтардың дамуы мен әл-ауқатына таңдап алынған бағыт, әрбір отбасына қатысты білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй, жайлы және қауіпсіз тұру сапасы мен қол жетімділігі мәселелері болып табылады.
2018 жылғы 05 қазандағы Жолдауда Мемлекет басшысы Қазақстан халқына экономикадағы, әлеуметтік саладағы, өңірлік дамудағы онжылдықтағы іс-қимыл бағдарламасын ұсынды.
Бұл Жолдауда біздің азаматтарымызды толғандыратын қазақстандық қоғам өмірінің барлық өзекті мәселелері ерекше көрініс тапқан. Ең алдымен, Мемлекет басшысы, Қазақстанның әл ауқатының жақсаруы мен гүлденуі қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруы ретінде атап өткен. Президент тек қана мақсат қойып қоймай, нақты міндеттер мен оларды жүзеге асыру жолдарын айқындады.
Жолдауда Мемлекет басшысы «педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеу және қабылдау туралы атап өтті. Бұл заң мұғалімдер мен мектепке дейінгі ұйымдар қызметкерлерінің барлық ынталандыруларын қарастыруы, жүктемені қысқартуы, күтпеген тексерулер мен тән емес функцияларды қорғауы тиіс.
Ұлт денсаулығы-мемлекеттің басты басымдығы.
 
А. Әубәкіров
Павлодар облысы ТЖД
«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығының орынбасары
азаматтық қорғау подполковнигі