28 Jambyl forum mol spets 1 Кез-келген мемлекеттің болашағы — жастар. Біздің еліміз бұл фактті түсіне отырып, олардың интеллектуалдық, дене және рухани-адамгершілік дамыту бойынша көбірек ресурстарды жұмсайды. Бұл жерде жастардың әлеуметтік жобаларды дамыту студенттік өзін-өзі басқару институтының, кадрлық резерв құру бағдарламаларын қалыптастыру бойынша жастар үшін қолдау бар екендігін айта кету кеткені жөн. Сонымен қатар 2018 жылдың 5 қазан күні біздің Елбасы, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «2019 жыл - жастар жылы» туралы жариялады. Содан кейін ағымдағы жылдың 23 қаңтарында ЭКСПО-ның "Нұр Әлем" павильонында Жастар жылының ашылу рәсімі өтті.
Осылайша, «Жастар жылы» аясында, өткен аптада Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамымен Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Достық үйінің» үлкен дөңгелек үстелінде Өрт сөндіру қызметінің ең белсенді,батыл және шығармашылық қызметкерлері «Жас мамандар форумына» қатысты.
28 Jambyl forum mol spets 2 Кадр жұмысы бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Бахытжанова Айгуль Бахытжанқызы, өз сөзінде, жастар форумдары — бұл бірінші кезекте жас мамандардың жеке тұлғалық және кәсіптік даму үшін арналған алаң. Содан кейін Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры Бекболат Жомарт Серікұлы жастарды қолдаудың маңыздылығы туралы айтып өтті.
Форум барысында, кадр жұмысы бөлімінің аға инпекторы азаматтық қорғау аға лейтенанты Берикбаева Нургуль Абдихалиевна әрбір шақырылған қызметкерді таныстыра отырып, олардың әрқайсысына өздері туралы біраз айтуға мүмкіндік берді. Атап айтқанда, бірінші кезекте форум барысында өздері туралы шақырылған аға ұрпақ азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері, үлгілі отбасы Ақсақалов Ерлан Орынбасарұлы және Утеулиева Жұмагүл Алпысбайқызы мен әулетін жалғастырушысы балалары Ақсақалов Диас Ерланұлы айтып берді. Өз кезегінде, олар өз отбасыларын қалай құрғандары туралы айтып, міне 30 жыл бойы қол ұстасыпғ, тұрмыс қана құрмай, Отанымыздың игілігі үшін еңбек етуде.
28 Jambyl forum mol spets 3 Сол күні дөңгелек үстелде жиналған отбасылардың барлығы өте ерекше, себебі олардың барлығы Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері. Олардың арасында Кенжебаев Ельнур және Нурсеит Кымбат, Мырзахан Бауырбек және Туранова Назерке, Керімбаев Ерболат және Назанова Жанара, Муртаев Шухрат және Карташова Карина, Құдайбергенов Жанбай және Пернебай Назерке. Олардың әрқайсысы өз тарихымен бөлісті.
Одан әрі, іс-шараға Өрт сөндіру қызметінде эссе,өлен, шығарма жаз және сурет салудан өткен байқаудың жеңімпаздары да қатысты.Мысалы өзі шығарған өлеңді оқыған Нұрғазы Бердіханов әр адамның жүрегін толқытты, ал эссе жазған Сатаров Бауыржан оның терең мағынасымен бөлісті. Қызметкерлердің тамаша суреттерді ешкімді бей-жай қалдырмады, өйткені олар ұлы суретшілердің туындыларындай көрінді.
Жамбыл облысының өрт-құтқару спортының құрама командасының спортшылары да өз кезегінде,өздерінің өмірлеріндегі спорттарына әкелген жолдары туралы атып өтті.Мысалы Ислам Шайкрамов, Шайкрамов әулетінің жалғастырушысы, үлкендерден үлгі алып 15 жасында осы спортқа әкесі алып келгенің айтты.
Іс-шараны қорытындылай отыра, азаматтық қорғау органдарына жақында қабылданған қызметкерлер осындай қызықты іс-шараға қатысқандарына алғыстарын білдірді және де осындай белсенді мамандарды көріп қана қоймай, олардың тәжірібиесін естіп, өз алдарында жаңа мақсаттар қойғандарын айтып өтті.
«Жас мамандар форумының» барлық қатысушылары алғыс хаттармен марапатталды.
 
Жамбыл облысы
Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру қызметі