27 ZKO GOD Molod 1 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақстандықтарға Жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялаған болатын.
Бүгінде жастарды кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналып отыр. Ғылым мен білім беруді дамыту үшін барлық жағдайлар жасалуда, жеңілдіктер, субсидиялар және басқа да мемлекеттік қолдау шаралары беріледі. Өз кезегінде жастардан белсенді және тиімді қайтарым күтіледі.
БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Тұңғыш Президенттің жастар мен отбасын дамыту жөніндегі бастамаларын қолдап, Жастар жылының әр түрлі бағдарламаларын жүзеге асыруға белсене қатысуда.
27 ZKO GOD Molod 2 "Жастардың бойында салауатты құндылықтарды, Отанға деген сүйіспеншілікті, үлкендерге деген құрметті және балаларға деген қамқорлықты, мейірімділік пен қайырымдылықты тәрбиелеу маңызды" - деп есептейді құтқарушылар.
Поэзияны білу және оған деген сүйіспеншілік - рухани дамудың кепілі. Өз Отанына, халқына деген махаббат көптеген композиторлар, суретшілер, жазушылар мен ақындардың шабыт көзі болды. Ол ұлы қазақ ақындары мен жазушыларының шығармашыларында ерекше жырланады.
27 ZKO GOD Molod 3 27 мамыр күні БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағында жас қызметкерлер арасында мәнерлеп оқудан сайыс өтті.
Сайыста Абай Құнанбаев, Александр Блок, Мұқағали Мақатаев, Шәймерген Әлдебекұлы, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов және Ыбырай Алтынсаринның өлеңдері оқылды.
Сайыстың қазылар алқасына шешім қабылдау оңай болмады, барлық қатысушылар мәнерлеп оқу шеберлігін көрсетуге, шығармалардың сипаты мен көңіл-күйін және Отанға деген көзқарасын жеткізуге тырысты.
Жасақтың қызметкерлері арасында бірінші орынға қойма меңгерушісі Махаббат Мырзағалиева ие болды. Ол бірден екі өлеңді манерлеп оқыды, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың "Әсемпаз болма әрнеге" және Мұқағали Мақатаевтың "Тоқта ботам" шығармасын оқыды.
Құтқарушы Сағынжан Сайлауов Мұқағали Мақатаевтың "Анашым"өлеңін мәнерлеп оқып екінші орынға ие болса, кадр жұмысы жөніндегі бас инспекторы Сәуле Искалиева Мұқағали Мақатаевтың "Отан" өлеңін оқығаны үшін үшінші орынға ие болды.
Сондай-ақ, қазылар алқасы бас құтқарушы-психолог Лейла Абдрахманованы Александр Блоктың "Скифы" шығармасын және құтқарушы Замир Нұрсайыновты Шәймерген Әлдебекұлының "Қазақ елі" өлеңін мәнерлеп, нақышына келтіріп орындағандары үшін алғыс хатпен марапаттады.
Барлық қатысушылар жасақ басшысы Асқар Орынбасарұлы Килишевтің грамоталарымен, ал жеңімпаздар естелік сыйлықтармен марапатталды.
Өткізілген байқау құтқарушыларға өте қатты ұнады, олар жасақта осындай сайыстарды өткізуді жақсы дәстүрге айналдырамыз деп шешті.
 
БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының
бас құтқарушы-психологы
Абдрахманова Л.