33 SKO festiv 1 Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамашылығының арқасында, 2019 жылы жас қазақстандықтар үшін жеке өсуге байланысты, өзінің туған халқы мен туып-өскен елінің дамып, гүлденуіне үлес қосу үшін жаңа мүмкіндіктер ашылды.
Осыған байланысты, сондай-ақ әскери-патриоттық тәрбиелеу мақсатында, департаменттің кадр жұмысы бөлімінің қызметкерлері, азаматтық қорғау органдары ардагерлері кеңесінің төрағасы Сағынбай Қойбағарұлы Уәлиевпен бірлесіп, жас қызметкерлердің – құтқарушылардың өртке қарсы қызметінің ардагерлерімен кездесулерін ұйымдастырды.
33 SKO festiv 2 Іс – шараға Ардагерлер кеңесінің президиумы Шайкин Нұртас Есімұлы, Зябликова Галина Яковлевна,Бахриразиева Раиса Ахметвалиевна,Тюрин Александр Владимирович шақырылды.
Кездесу барысында, еліміздің Тұңғыщ Президентінің бастамашылығын жүзеге асыруға, алғашқы кезекте өзіміз үшін гүлденген, қазіргі заманауи, мықты мемлекеттің лайықты азаматы болуы үшін әрқайсысымыздың қосылуымыз қажет екендігі айтылып өтті.
33 SKO festiv 3 Жастар олар қашанда жаңа, батыл,өжет идеялардың бастаушылары және де бүгінгі күні олардың белсенділігі аса маңызды.
«Біздің жастардың өмірлік белсенділігі маған өте ұнайды, олардың бастамалары нақты әрі игілі іске бағытталады. Мен оларды түсінемін, себебі 10 жылдан астам уақыт зейнеткерлікте болсам да, шығармашылықпен айналысып, бисерлерден картиналар жасаймын.
Шыдамдылық пен еңбек – міне осы алдағы мақсатқа жету, алға жылжу үшін, қазақстандық қоғамның жылжуының негізі!»,- деді өртке қарсы қызмет ардагері Александ Тюрин, жастарға тілек айта отырып.
Іс –шара барысында жас қызметкерлерге «Абылайхан резиденциясы» мұражай кешені бойынша экскурсия жүргізіліп, онда мұражай экскурсоводы қатысушыларды тарихтың кейбір парақтарымен таныстырды.
Сонымен қатар, жас мамандар Өрт сөндіру қызметінің №3 мамандырылған өрт сөндіру бөлімінде орналасқан мұражайға барды.
Өз сөзінде Сағынбай Уәлиев жастар - біздің қоғамның алғыр да, әрі осал бөлігі екенін ескерді. Олардың көптеген игі істерге қабілеттері бар, сондықтан салауатты өмір ортасында және сенімді әлеуметтік кепілдікпен оларды қолдау, көтермелеу қажет деді. Сонымен қатар, «Мен сіздерді әрқашан өмірдегі ең бастысы- ол білім, жоғары кәсіби біліктілік және өз Отаныңа, сүйікті ісіңе деген адалдық екенін біліп қана қоймай, есте сақтауды сұраймын.
Сіздерде күш жігерлік пен қайрат, шығармашылық бар, мол. Осы қасиеттердің барлығын өмірлеріңіздегі басты мақсатты жүзеге асыруға жұмсаңыздар. Ал құтқарушылар үшін алғашқы кезекте-адам өмірін құтқару», деді.
Іс-шара соңында кадр жұмысы бөлімінің бастығы Нұрлан Нүкішев жас қызметкерлерге әрқашан өз мақсаттарына, әріптертері мен достарына қатысты адал болуды, онымен қоса қашанда отбасы мен достарының қолдауын тіледі.
 
Солтүстік Қазақстан облысының
ТЖ департаменті