39 Turkestan Latinsky 1 Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің кестесін жасап, алдағы екі жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар жүргізілуі айтылған болатын.
39 Turkestan Latinsky 2 Бүгінгі күнгі бұқаралық ақпарат құралдары мен зиялы қауым өкілдері арасында кеңінен талқыланып жатқан мәселелердің бірі – қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру үрдісі. Себебі жазу – белгілі бір әріптердің жиынтығы ғана емес, ұлттың өзіндік болмысын танытатын таңбалар жүйесі, сол ұлттың тарихы, мәдениетінің таңбаланған жәдігері. Әр халықтың рухани, мәдени өсуін, ғылымы мен білімінің, барлық саладағы даму деңгейін көрсететін маңызы зор әлеуметтік-мәдени құбылыс. Жазу арқылы өткен мен бүгінгі және болашақ өміріміз жалғастық табады.
Осы орайда Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің және Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлерін латын графикасымен жазу қағидаларымен таныстыру бойынша Төтенше жағдайлар департаментінде семинар ұйымдастырылды.
39 Turkestan Latinsky 3 Семинарда Түркістан қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығының» мұғалімі Еримбетова Дана латын графикасында 32 әріп, оның ішінде 8 қосымша әріп, акут белгісі бар 6 әріп, диграф белгісі бар 2 әріп бар екенін түсіндіріп, жазылу ережелерін түсіндіріп, сондай-ақ сөйлемдердің жазылу үлгілерімен таныстырды.
Семинар соңында «Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2019 жылға арналған іс-шаралар жоспарына» сәйкес 2019 жылғы Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мемлекеттік тіл және ағылшын тілі курстарында оқытылып, қызметкерлерге курсты бітіргендері бойынша сертификаттар табысталды.
 
Түркістан облысы ТЖД
Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы