33 ZKO latinica 1 Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз жарлығымен латын графикасында негізделген қазақ тілінің әліпбиін бекітті. Мемлекет басшысы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында атап өткендей қоғамдық сана жаңғырудың негізгі қағидаларын қалыптастыруды ғана емес, сонымен бірге, салт-дәстүріміздің ұлы күшін жоғалтпай біздің заман сынағына лайықты төтеп беруімізге қажетті нақты жобаларды жүзеге асыруымызды да талап етеді.
Жаңа әліпбиге көшу аға ұрпақ өкілдері, жастар, тіпті балаларға да оңай болады. Себебі, қазір жастардың көпшілігі қазақ тілінде мәтіндік хабарламаларды беру үшін және және интернет-кеңістікте латын әліпбиін пайдаланады. Жас ұрпақ қазақ тілінен латын әрпіне көшуден сәтті өтетіндігі туралы сенімділікпен айтуға болады
Осыған орай, Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәжіліс залында облыстық тілдерді дамыту басқармасының қызметкерлерімен кездесу өтті. Оның барысында мамандар жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелерін кеңінен түсіндірді.
Сонымен қатар мамандардың айтуынша, бүгінгі таңда кез келген азамат латын графикасындағы қазақ алфавитін дұрыс жазуды үйренуге болатын бірнеше сайт жұмыс істеуде.
Айта кетейік, БҚО Төтенше жағдайлар департаменті Елбасы бастамасын белсене қолдайды және латын алфавитін енгізуді жүзеге асыруға бағытталған барлық іс-шараларға белсене қатысады.
 
Батыс Қазақстан облысы ТЖД
Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы