КІРІСПЕ

2015 жылы 30 қарашада Мемлекет басшысы Қазақстанның ішкі дамуы мен әлемде болып жатқан жаһандық өзгерістердің сын-тегеуріндеріне жауап беретін «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын жариялады.

Қазіргі таңда Қазақстан экономикасы әлемдік тауар нарығындағы дағдарыс жағдайында жұмыс істеп жатқанына байланысты, Жолдауда күні бұрын іске асырылып жатқан дағдарысқа қарсы шараларға баса назар аударылған. Бұл Қазақстанның ұзақ мерзімді «Қазақстан-2050» Стратегиясы, жаңа «Нұрлы жол» экономикалық саясаты, сондай-ақ Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру болып табылады.

Бұған қоса, 2015 жылғы мамырда Мемлекет басшысы
5 институционалдық реформа мен «100 - нақты қадам» Ұлт жоспарын жариялады. Осы Президенттік 5 реформаның әрқайсысы қазіргі даму кезеңінде Қазақстан тап болған неғұрлым өткір проблемаларды шешеді.

Президенттік жолдаудың ең басты мақсаты – жаңа жаһандық болмыстың сын-тегеуріндеріне дағдарысқа қарсы озық стратегияны қарсы қою. Ол елдің прогрессивті болашағын көздейтін өсу, реформалар және даму жоспарын іске асыру болып табылады. Бұл – қазіргі заманның тәуекеліне, сын-тегеуріндеріне және қауіп-қатеріне түбегейлі жауап. Мемлекет басшысы жаһандық дағдарыстың тек қана қауіп-қатер емес, жаңа мүмкіндіктер екенін ерекше атап өтті.

Жолдаудың маңыздылығы:

ü    қысқа мерзімдік кезеңге арналған елді дамытудың тұрақты бағдарын айқындайды;

ü    реформаларды сәтті жүргізу үшін адам, қаражат, материалдық және медиа ресурстарды жұмылдырады.

Мемлекет басшысының Жолдауы ұлттық экономиканың тұрақты өсуін, қолда бар жұмыс орындарын сақтап қалу мен жаңаларын ашуды қамтамасыз ету үшін ерекше мәнге ие.

Жолдауды іске асыру Үкіметке де, сондай-ақ Мемлекет басшысы қойған, елдің жарқын болашағына жетелейтін мақсаттарға жету үшін қолдан келген үлесін қосуға қабілетті барлық азаматтарға да жауапкершілік жүктейді.

Жолдауда айтылған іс-қимылдар жоспары мемлекеттің алдағы орта мерзімдік кезеңдегі 5 түйінді даму бағытын қамтиды.

Бюджет саясатын оңтайландыру
Қаржы секторын тұрақтандыру
Жекешелендіру және экономикалық бәсекелестікті ынталандыру

Жаңа инвестициялық саясаттың негіздері
Жаңа әлеуметтік саясат
 

1. Қаржы секторын тұрақтандыру

Жолдауда елдің экономикасы мен қаржы жүйесіне арналған түбегейлі жаңа тәсілдер қалыптастырылған.

Дағдарысқа қарсы кешенді бағыттардың және құрылымдық қайта жаңартулардың ішінде Мемлекет басшысы елдің қаржы жүйесін және бірінші кезекте банк секторын тұрақтандыруға ерекше назар аударды.

Үкімет пен Ұлттық Банктің негізгі міндеттеріне елдегі бағалардың күрт өсуіне жол бермеу кіретін болады. Мемлекет басшысы Ұлттық Банкке орта мерзімдік келешекте инфляцияның деңгейін 4%-ға дейін төмендетуге нақты нұсқау берді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы банк жүйесіндегі жұмыс істемейтін кредиттер проблемасын айқын көрсетті. Проблеманы шешу мақсатында Ұлттық Банкке, банк секторының барлық субъектілеріне стресс-тест жүргізу тапсырылды. Нәтижелері бойынша оларды тану мен есептен шығару шаралары қабылданады.

Мемлекет басшысының азаматтар үшін әсерлі болған мынадай бастамаларын атауға болады.

1. Теңге бағамының қалыптасуына деген жаңа тәсіл. Енді Ұлттық қор қаражаты теңге бағамын түзетуге жұмсалмай, басқа маңызды мақсаттарға жұмылдырылатын болады.

Бұдан басқа, Мемлекет басшысы теңгеге сенімді күшейту міндетін қойды. Ол үшін мынадай құралдарды пайдалану жоспарланып отыр:

-       халыққа өз қаражатын теңгеде сақтау тиімді болу үшін, жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері бойынша ұсынылған мөлшерлемені көтеру мақсатында шаралар қабылданады;

-       банктер кредиттерді көбіне теңгемен бере алатындай жағдай жасау үшін Ұлттық Банк банктердің теңгелік өтімділігін қамтамасыз етеді;

-       ішкі нарықтағы қолма-қол валютаның бағамында алыпсатарлыққа жол берілмейді.

2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) зейнетақы активтерін басқару Ұлттық Банктен жеке басқарушы компанияларға беріледі. Бұл шара зейнетақы қаражаттарын басқару процесінде бәсекелі орта құру мен соның есебінен олардың табыстылығын арттыруға тиіс.

Қазіргі таңда шамамен 9,8 млн. адам БЖЗҚ салымшылары болып табылады. Зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жинақтарының көлемі
5,8 трлн. теңгені құрап отыр.

Сонымен қатар зейнетақы жинақтарының табыстылығын арттыру мақсатында зейнетақы қаражатын инвестициялау тәсілдері қайта қаралады. Бұл ретте ең бірінші орынға зейнетақы активтерінің барынша сақталуы мен қауіпсіздік қағидаты қойылады.

Бұл шаралар зейнетақы жүйесінің тұрақтылығы мен зейнетақылардың барабарлық деңгейін қамтамасыз ететін болады.

2. Бюджет саясатын оңтайландыру

Мемлекет басшысы Жолдауда бюджетке салық түсімдерінің 20%-ға, ҚҚС және кіріске корпоративтік салық төлемдері көлемінің төмендегенін айрықша атап өтті.

Президенттің пікірінше салықтарды көтеру жағдайдан шығу жолы емес, оның үстіне ол бизнеске қосымша қысым көрсететін болады.

Мемлекет басшысы таңдаған бюджет саясатының үлгісі – «қаражатыңды шамамен жұмсау». Бұл барлық бюджет саясатын және мемлекеттік кірістер мен шығыстар жүйесін оңтайландыруды білдіреді.

 

2.1. Ұлттық қор қаражатын пайдаланудағы жаңа тәсіл

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру мен пайдаланудың жаңа тұжырымдамасы әзірленуде.

Бұл ретте Мемлекет басшысы Ұлттық қор қаражатын ағымдағы шығыстарға пайдалануды тоқтату керектігін нақты айқындады. Мемлекет бюджетіне Ұлттық қордан қаражат тек жыл сайынғы белгіленген лимитпен ғана түсетін болады.

Аталған құжатпен жұмыс істеуді ағымдағы жылғы сәуірде аяқтау жоспарланған.

 

2.2. Салық жүйесін реформалау

Салықтық түсімдерді арттыру мен әкімшілендіруді жақсарту мақсатында Үкімет 2017 жылдан бастап салық жүйесін түпкілікті реформалауды жоспарлап отыр.

Салықтық әкімшілендіруді оңайлату мақсатында ҚҚС-тің орнына сатудан түсетін салық енгізіледі.

Салықтық режимдерді 3 деңгейге дейін оңтайландыру жоспарланып отыр (жалпы, жеке кәсіпкерлер үшін патент пен шағын және орта бизнес, сондай-ақ аграрлық сектор үшін арнайы салық режимі).

Бұл ретте 2017 жылдан бастап, кірістер мен шығыстарды салықтық есепке алу енгізіледі.

Тиімсіз салықтық жеңілдіктер алып тасталады.

Салық және кеден жүйелерін кіріктіруге бағытталған шаралардың маңыздылығы да жоғары болады. Бірте-бірте электрондық форматқа көшірілетін тауарлық-көліктік жүкқұжат бақылауы енгізіледі. Сонымен қатар құжаттардың біріздендірілген нысаны негізінде салықтық және кедендік тексерулер рәсімі оңтайландырылады. Тексерулерге шағым беру рәсімі бірыңғай болады.

Бұл шаралардың бәрі салықтық әкімшілендіруді оңайлатуға, бизнесті енгізудің ашықтығын көтеруге, кәсіпкерлік қызметтің барлық түрлері үшін тең салықтық жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.

2.3. Заңдастыру

2015 жылғы 13 қарашада Мемлекет басшысы Мүлікті заңдастыру мәселелері жөніндегі заңға қол қойды, онда мүлік пен ақшаны заңды айналымға қайтару үшін қосымша ынталандыру қабылданды.

Құпиялылық пен қылмыстық және әкімшілік қудалаудан қорғауға кепілдік беріледі.

Бұл капитал ағынын ұлғайтып, көлеңкелі экономика деңгейін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.

Бірінші. Ақшаны заңдастыру рәсімі түбегейлі жеңілдетілген

Енді ақшаны екі тәсілмен заңдастыруға болады:

Бірінші тәсіл: Оларды банк шоттары арқылы көрсету және өзінің кез келген қажеттілігіне жұмсау. Мысалы, бизнеске салу, жылжымайтын мүлік сатып алу және т.б. Бұл ретте мұның барлығы мемлекетке 10%-дық алымды төлеместен жүргізіледі.

Екінші тәсіл: Шет елдегі немесе қолма-қол айналымдағы ақша туралы мәлімдеп, оларды банк шоттарында көрсетпей заңдастыру. Бұл ретте бюджетке 10%-дық алым төленеді.

Екі жағдайда да мемлекеттік кіріс органдарына декларация тапсырылады.

Екінші. Мүлікті заңдастыру рәсімдері жеңілдетілген

Қазақстан аумағында орналасқан және тиісті түрде ресімделген мүлікті заңдастыру үшін, мемлекеттік кіріс органдарына тиісті декларация мен оған ілеспе құжаттарды тапсыру жеткілікті. Шет елдегі мүлікті заңдастыру да жоғарыда көрсетілген рәсім арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік органдар жанындағы артық буын, комиссия таратылды.

Қазақстан аумағында орналасқан, бірақ тиісті түрде ресімделмеген жылжымайтын мүлікті заңдастыру үшін жергілікті әкімдіктер жанындағы комиссияларға жүгіну қажет.

Үшінші. Заңдастыру мерзімдері және жаппай декларациялауды енгізу

Мүлікті заңдастыру мерзімі 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды.

Аталған науқан аяқталғаннан кейін бүкіл әлем бойынша шетелдегі шоттардағы барлық ақпарат қайта тексеріледі.

Нәтижесінде, Заң мыналарды көздейді:

-  шетелдегі шоттар бойынша ақпаратты жасырғаны үшін әкімшілік жазаны қатаңдату;

-  шетелдегі мүлікті міндетті түрде декларациялау.

Бұдан басқа, табыс пен мүлікті жалпыға ортақ декларациялауға кезең-кезеңімен көшу көзделеді. 2017 жылы декларацияны мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, ұлттық компаниялардың қызметкерлері – бұл шамамен 1,7 миллион адам – ұсынатын болады. 2020 жылдан бастап жалпыға ортақ декларациялаумен барлық жеке тұлғалар қамтылады.

2.4. Бюджет шығыстарын оңтайландыру

Бюджеттік бағдарламаларға ревизия жүргізілгеннен кейін, жекеше сектор есебінен жабылуы мүмкін шығыстар бюджеттен шығарылады.

Өңірлік және индустриялық даму бағдарламаларына кететін шығыстар да, сондай-ақ мемлекеттік субсидиялар жүйесі де қайта қаралады.

Бюджеттік шығыстарды оңтайландыру барысында босайтын қаражатты бірінші кезекте халық үшін нақты нәтижелер беретін жобаларға жұмсау жоспарлануда.

Бюджеттік шығыстарды «жеңілдету» үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі белсенді түрде қолданылады.

2015 жылғы 23 қарашадан бастап Қазақстанда «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» жаңа Заң күшіне енгізілді. Бұл Заң біздің елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекет пен жеке бизнестің өзара іс-қимыл жағдайларын белгілейді. Соның ішінде, инфрақұрылымды және халықтың тыныс-тірлігін қамтамасыз ету жүйелерін салу үшін Қазақстан экономикасына инвестициялар тарту мәселелерін регламенттейді.

Бюджеттік қаражаттың шектеулі жағдайында дәл осы мемлекеттік-жекешелік әріптестік әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыруда шынайы балама бола алады.

3. Жекешелендіру және экономикалық бәсекелестікті ынталандыру

         Бүгінгі жағдайдағы экспорттан түскен ақшаның, шикізат кірісінің күрт төмендеуі мемлекет үшін кірістің жаңа көздерін алу мәселесін өткір қойып отыр.

Президент сөйлеген сөздерінде, бұрыңғыдай қоғамдық тұтынушы ретінде өмір сүруге болмайтынын бірнеше рет атап өтті. Енді өз құндылықтарымызды өндіріп, өсіру қажет. Көп жағдайда кәсіпкерлік бастамаларға, инновацияларға, экономикалық еркіндікке көп нәрсе тәуелді болатын жаңа жаһандық болмыс сипат алады.

Тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін Мемлекет басшысы Үкіметке ішкі ресурстарды барынша босатуды тапсырды. Бұл мақсатта екі тиімді құралды – кең ауқымды жекешелендіру мен бәсекелестікті кеңейтуді пайдалану көзделуде.

 

3.1.         Жекешелендіру

«Қазақстан-2050» Стратегиясына сәйкес елде кең ауқымды жекешелендірудің жаңа толқыны іске асырылуда. Президент атап өткендей, өз ауқымы бойынша оны бірінші толқындағы жекешелендірумен салыстыруға болады.

Анықтама үшін: Қазақстандағы жекешелендірудің бірінші толқыны 1991-1997 жылдары жүргізіліп, онда 5,5 мыңнан астам нысан жекешелендірілді. Тұрғын үй, түрлі бөлшек сауда, қоғамдық тамақтану, тұрмыстық көрсетілетін қызметтер, коммуналдық шаруашылықтар нысандары жекешелендірудің арқасында елде нарық пайда болды. Жекешелендірудің бірінші кезеңінің әсері 1996-1997 жылдардың өзінде-ақ экономиканы тұрақтандыра бастады. Жекешелендіру мен өркениетті сауда-ақша қарым-қатынасының пайда болуы экономиканың тез қалпына келуі мен өсуіне әсер етті. «Азиялық дағдарыс» деп аталған 1998-1999 жылғы дағдарысты Қазақстан салыстырмалы түрде жеңіл бастан өткерді.

Жекешелендірудің нәтижесінде жеке бизнес пайда болды. 1999 жылы жеке секторда жұмыс істейтін экономикалық белсенді халықтың үлесі 75%-дан асты, ал мемлекеттік емес кәсіпорындардың 64%-ы қорға тиесілі болды. 2001 жылы Қазақстан нарықтық экономикалық ел ретінде танылды.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) дамыған елдерінде байқалғандай жекешелендірудің жаңа толқыны шеңберінде экономикаға мемлекеттік қатысуды айтарлықтай қысқарту көзделеді.

2014-2015 жылдары жекешелендіру жоспарының шеңберінде шамамен
238 нысан сатылды, 1 нысан кейін сатып алу құқығымен сенімді басқаруға берілді. Сатудың жалпы сомасы 78,7 млрд.теңгені құрады.

Бәсекелес ортаға квазимемлекеттік сектордың тағы 783 ұйымы өтетін болады, 380 ұйым қайта құрылады немесе таратылады. Мемлекет қатысатын ұйымдарды жекешелендіру активінің құны 570 млрд. теңгені құрайды.

Нәтижесінде, 2017 жылға қарай квазимемлекеттік сектор субъектілері санын 15%-ға, оның ішінде республикалық меншік бойынша – 28%-ға, коммуналдық меншік бойынша – 10%-ға, ӘКК – 60%-ға және ұлттық холдингтер мен компаниялар бойынша – 36%-ға қысқарту жоспарланып отыр.

(1) 2015 жылғы 4 желтоқсанда Президент жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесін жандандыруға бағытталған заңға қол қойды. Онда мына мәселелер көзделген:

жекешелендіруге шектеулерді алып тастау;

активтерді әділетті нарықтық бағамен сату;

жекешелендіруге қазақстандық және шетелдік инвесторларды барынша тартуға мүмкіндік жасау.

Жекешелендірудің түйінді тетігі акцияларды қор нарықтарына және ашық аукциондар арқылы орналастыру болады.

Мемлекеттік меншікті жекешелендіру отандық кәсіпкерлікті күшейтуге, мемлекеттің экономикаға қатысу үлесін азайтуға және мемлекеттік активтерді тиімді меншік иесіне беруге жәрдемдесуге тиіс.

(2) Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет
2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің жаңа кешенді жоспарын қабылдады.

Осы құжат шеңберінде бәсекелес ортаға республикалық меншіктің «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-тың, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ пен «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-тың анағұрлым ірі 65 компаниясы (ТОП-65), сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-тың құрамына кіретін шамамен 173 еншілес және тәуелді ұйымдары берілетін болады.

Бұдан басқа, 545 ұйымнан тұратын Жекешелендіру нысандарының қолданыстағы тізбесі жаңартылады.

2016-2018 жылдары «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ пен «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ активтерінің бір бөлігі бәсекелес ортаға өткеннен кейін олар ықшам холдингтер етіп қайта құрылатын болады.

Кешенді жекешелендіру жоспарын іске асыру шағын және орта бизнесті дамытуға жаңа серпін береді. Пайдасын ұлғайтуға мүдделі жеке бизнес қызмет көрсету ауқымын кеңейтіп, өнімінің сапасын жоғарылатады, бәсекелестік өсетін болады, осылайша, ұсынылатын қызметтің бағасы төмендейді.

3.2. Монополияға қарсы қызметті күшейту

2015 жылғы 29 қазанда Президент ҚР-ның Кәсіпкерлік кодексіне қол қойды, онда ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес мемлекеттік монополияға қарсы қызметтің құқықтық шеңбері егжей-тегжейлі көрсетілді.

Жаңартылған монополияға қарсы қызмет еркін бәсекелестікті жан-жақты дамытуға бағдарланған.

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап доминанттар тізбесі тек реттелетін нарықтар бойынша ғана жүргізіледі, ал 2017 жылдан бастап толықтай алынып тасталады.

Тиісті тауар нарықтарындағы субъектілер үлесін ұлғайтуға, егер мұндай іс-қимылдарда бәсекелестікті шектеу белгісі болмаса, тек сол кезде ғана жол берілетін болады.

2017 жылғы 1 қаңтардан бастап бағалық реттеу алынып тасталады, оның орнына тек монополияға қарсы реттеу мен бақылау құралдары ғана пайдаланылады.

Монополияға қарсы қызмет жанынан жаңа институт – монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтарды зерттеулер қорытындылары бойынша қабылданатын шешімдердің объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ететін келісім комиссиясы құрылатын болады.

Бұдан басқа, қазіргі таңда бәсекелестік мәселелері бойынша:

- монополияға қарсы заңнаманы бұзушылық фактілері бойынша тексерулер жүргізудің тиімді құралдарын енгізуге;

-   тауар нарықтарына талдау жасау тәртібі мен қағидаттарын жетілдіруге және үстем жағдайды орнатуға;

-   экономикалық шоғырлануға тыйым салу тәсілдерін өзгертуге;

-   зияткерлік құқыққа қатысты монополияға қарсы заңнаманы қолдану мәселелеріне тәсілдерді өзгертуге бағытталған заң жобасы әзірленіп жатыр.

Ұсынылған реформаларды енгізу монополияға қарсы қызмет жұмысының тиімділігін арттыруға, сондай-ақ сот жүйесі мен нарық субъектілерінің өзіне түсетін жүктемені төмендетуге мүмкіндік беретін болады.

 

3.3. Банкроттық

Банкроттық рәсімдердің ұзақтығы бизнестің дамуын тежейтін факторлардың бірі болып табылады. Қазіргі таңда біздің елде банкроттық рәсімі 3-5 жылға дейін созылуы мүмкін. Мемлекет рентабельді емес немесе рентабельдігі төмен кәсіпорындарды тек жұмысшыларды қысқартуға ұшыратпау үшін ғана қолдауға мәжбүр.

Қазақстанда 2015 жылы 320 банкроттық тіркелді, 2014 жылы одан да аз болды – 167.

Салыстыру үшін: Tradingeconomics деректері бойынша, 2015 жылы АҚШ-та тоқсан сайын орташа есеппен 29 мыңға жуық компания, Ұлыбританияда – 3,5 мың, Испанияда – 1,1 мың, Италияда – 3,8 мың, Түркияда – ай сайын 2 мыңнан артық компания банкротқа ұшыраған.

Мемлекет басшысы Жолдауда әлемдік тәжірибеге сәйкес компаниялардың банкроттығы жұмысшыларды босата отырып, кәсіпорынның тоқтауына алып келмеуі керектігін айтты.

2015 жылғы 17 қарашада Мемлекет басшысы заңды тұлғаларды оңалту мен банкроттығының нақты және түсінікті рәсімдерін көздейтін заңға қол қойды.

Өндірістің өміршеңдігі мен жұмыс орындарын сақтау үшін төлем қабілетсіздігін сотқа дейінгі тәртіпте реттеудің жаңа тетігі жасалды.
Ол борышкер мен кредиторға кәсіпорынды қаржылық оңалту мақсатында қайта құрылымдау мәселелерін бірлесіп шешуге мүмкіндік береді. Инвесторлар өздерінің шығындарын азайтуға, қалпына келтіруге мүмкіндік алады.

Енді Заңға сәйкес кәсіпорын банкроттың кез-келген сатысында мынандай мүмкіндік алады:

1) оңалтуға өту;

Бұл, егер борышкер өз бизнесін оңалтудың мүмкіндігін іздеген жағдайда, банкрот борышкердің оңалту жоспарын жасауы мен барлық кредиторлармен келісуін білдіреді. Оңалту рәсімін қолдану туралы шешімді сот қабылдайды. Оңалту қолданылған сәттен бастап банкроттық рәсім тоқтатылады.

2) кәсіпорынды сату жолымен меншік иесін ауыстыру және жұмысты бұрынғы брендпен жалғастыру;

Сатып алушыға меншік иесі құқығын берумен бірге кәсіпорынды тұтастай құжаттарымен, оның ішінде фирмалық атауымен және тауар белгісімен қоса сату мүмкіндігі. Бұл ретте мүліктік кешен ретінде кәсіпорынның қарыздарын қоса беруге жол берілмейді. Соттың банкрот деп тану туралы шешімінің күші жойылуға жатады.

3) бітімгершілік келісім жасасу жолымен қалыпты қызметке қайта оралу;

Бітімгершілік келісімді бекітуге дейін жалақы бойынша қарыздарды толық өтеу міндетті шарт болып табылады. Бітімгершілік келісім барлық кредиторлар келіскен жағдайда ғана жасалады. Оны сот бекіткен сәттен бастап банкроттық рәсімі тоқтатылады.

4) төлем қабілетсіздігін реттеу

Борышкер сотқа өтініш беру арқылы кредиторлармен өзінің берешегін өтеу мерзімдері бойынша уағдаласу мүмкіндігіне ие болады.

4. Жаңа инвестициялық саясаттың негіздері

Жаңа инвестициялық саясаттың түйінді міндеті – елдің 30 дамыған экономика қатарына дәйекті жылжуын қамтамасыз ету.

Бұл үшін Мемлекет басшысы алдағы 10 жылға мыналарды тапсырды:

- жыл сайынғы экономика өсімін 5% деңгейінде қамтамасыз ету;

- өңделген тауарлар экспортын 2015 жылмен салыстырғанда кем дегенде 2 есеге арттыру және оны жылына 30 млрд. долларға дейін жеткізу;

- экономикаға инвестициялардың жыл сайынғы көлемін кем дегенде  10 млрд. долларға арттыру, ал тұтастай алғанда 10 жылда – кем дегенде             100 млрд. долларға жеткізу;

- 660 мыңнан аса жаңа жұмыс орнын ашу, еңбек өнімділігін 2 есеге арттыру.

Жаңа инвестициялық саясаттың негізі мыналар болады:
(1) трансұлттық корпорацияларға (ТҰК) басымдық бере отырып, жекеше инвестициялар тарту; (2) макроөңірлердің экономикалық мамандандырылуына негізделген өңірлік драйверлер; (3) көрші елдермен тығыз экономикалық ынтымақтастық және жаңа экспорттық тауашаларды игеру; (4) өңірдегі үздік техникалық және кәсіби кадрлар; (5) тиімді ғылыми-инновациялық жүйе.

4.1. ТҰК-ға басымдық бере отырып жекеше инвестициялар тарту

Жекеше инвестициялар мен ТҰК-мен ынтымақтастықты тереңдету теңдестірілген, әртараптандырылған және тұрақты өсімге бағытталған экономикалық дамудың жаңа моделінің басты құраушысы болады.

Басты назар инфрақұрылымды, институттарды және адам капиталын дамытуға жоғары талаптар қоятын «күрделі» инвестицияларды тарту үшін қолайлы инвестициялық орта қалыптастыруға аударылатын болады.

Мемлекет басшысы «ЭКСПО-2017» инфрақұрылымы базасында «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру туралы тапсырма берді. Ол ағылшын заңы қағидаттарындағы тәуелсіз заңдық жүйесі, сондай-ақ Дубай және басқа да жетекші халықаралық орталықтар сияқты оның қатысушыларына қолайлы салық режимі бар өңірлік қаржылық-инвестициялық хабқа айналады.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында Қазақстан азаматтардың жеке қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіп қамтамасыз етілген мықты нарықтық институттарымен; білікті, тиімді әрі мықты үкіметімен; үздік техникалық кадрларымен; әлемдік деңгейдегі инфрақұрылымдарымен, аймақтық көшбасшы мемлекетке айналуы керек екенін ерекше атап өтті.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында «Қазақстан күшті институттары, білікті, тиімді және болжамды үкіметі бар өңірдегі көшбасшы елге айналуы тиіс. Бізде озық техникалық кадрлар, әлемдік деңгейдегі инфрақұрылымдар болуы тиіс, қоғамдық тәртіп пен адамдардың жеке қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі керек» - деп оптимистік мақсатты нұсқау берді.

Қойылған міндеттерді шешу «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын тиімді іске асырмай мүмкін болмайды.

Инвестициялық климатты жетілдіруге бағытталған қайта жаңартуларды одан әрі жүргізу ЭЫДҰ-мен және басқа да халықаралық қаржы институттарымен бірлесіп жүзеге асырылады.

Қазіргі таңда ТҰК-ға басымдық бере отырып, инвестициялық климатты жақсарту бойынша Үкіметтің жан-жақты жоспарының жобасы әзірленді.

Инвесторлармен жұмысты жақсарту үшін Үкіметтік кеңес және осыған ұқсас инвестиция тарту бойынша жергілікті кеңестер құрылды.

Бұдан басқа, 2016 жылғы қаңтардан бастап Инвестициялар және даму министрлігі инвесторлар үшін «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істей бастады. Басқаша айтқанда, инвестициялық жобаларды іске асыруға қажетті рұқсат беру құжаттары (360-тан аса мемлекеттік көрсетілетін қызметтер: лицензиялар, рұқсат қағазы, түрлі анықтамалар) тек бір ғана мемлекеттік органнан берілетін болады.

Нақты жетістіктерге жету үшін Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігі күшейтілетін болады. Әрбір министр мен әкімнің қызметі үш негізгі параметрмен бағаланатын болады: (1) жекеше инвестициялар тарту көлемі; (2) экспорттық өсім; (3) жұмыс орындарын ашу.

Қазақстан инвестициялық климат бойынша өз көрсеткіштерін айтарлықтай жақсартуға, бірқатар ТҰК тартуға қол жеткізді. Шетелдік инвестицияны тікелей тарту бойынша Қазақстан әлемдегі БҰҰ рейтингінде 2014 жылдың нәтижесінде 28-орынға ие болды, өтпелі экономикадағы мемлекеттер арасында – 2 орын, мұхитқа шығу мүмкіндігі жоқ елдер ішінде – 1-орынды иеленді.

Тұтастай алғанда, соңғы 6 жылда шетелдік инвесторлардың қатысуымен жалпы құны 15 млрд. доллардан асатын 224 өндіріс орны ашылды. 29 ТҰК жалпы құны 2,5 млрд. доллар болатын 46 өндірісті іске асырды.

Индустрияландыру картасын іске асыру: өткен 6 жыл ішінде 890 жоба іске асырылды, 85 мың тұрақты жұмыс орны құрылды. Оның ішінде, 2015 жылы 120 жоба қолға алынып, 60 мың жұмыс орны ашылды. Оның 10 мыңы тұрақты жұмыс орны.
2010 жылдан бастап барлық осы жаңа өндірістер 5 трлн. теңгеден астам өнім шығарды.

4.2. Экономикалық өсудің өңірлік драйверлерін қалыптастыру

Тұрақты даму үшін экономикалық өсімнің жаңа драйверлерін, яғни экономика секторларын қалыптастыру қажет. Олар экспорттық кірістерді үстемелейді, жұмыспен қамтуды қамтамасыз етіп, шағын және орта бизнесті дамытуға ықпал етеді.

Қазақстан өте үлкен мемлекет және түрлі секторларды дамыту үшін өңірлерінің экономикалық әлеуеті мен мүмкіндіктері айтарлықтай өзгешеленеді. Барлық инвестициялық жобалар тікелей өңірлерде іске асырылады. Олар үшін жер, инфрақұрылымдар, еңбек ресурстары қажет. Жаңа инвестициялық саясат аясында негізгі басымдық өңірлік мамандандыруға жасалады.

6 макроөңір үшін жекелеген инвестициялық бағдарламалар әзірленетін болады. Бұл бағдарламалар, өңірлердің салыстырмалы экономикалық әлеуетіне бағдарланып, өңірлік ерекшеліктерді ескереді. «Бизнестің жол картасы - 2020» кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы да осы инвестициялық бағдарламаның бөлігіне айналады.

«ОҢТҮСТІК» және «СОЛТҮСТІК» макроөңірлері ауыл шаруашылығы мен тамақ өнімдері өндірісін дамыту үшін теңдессіз мүмкіндіктерге ие. Ет пен сүт бағытындағы өнімдерді дамыту және экспортқа шығару, сондай-ақ бидайды өңдеу деңгейін көтеру басты жобалар бола алады.

«ОРТАЛЫҚ-ШЫҒЫС» макроөңірі елдің өнеркәсіп орталығы болып саналады. Мұнда тау-кен-металлургия секторын, метал өңдеуді, машина жасауды дамытуды, сирек кездесетін металдарды шығару мен өңдеуді кеңейтуді қамтамасыз ету қажет.

«БАТЫС» макроөңірі көміртектің үлкен қорына ие. Бұл базада мұнай-химия өнеркәсібі мен мұнай-газ секторы үшін сервистік қызметтер дамуы мүмкін.

АЛМАТЫ мен АСТАНА қалаларының ғылымды қажетсінетін көрсетілетін қызметтерді – білім беруді, денсаулық сақтауды, ақпараттық-коммуникациялық технология мен туризмді дамыту үшін үлкен әлеуеті бар.

Макроөңірлер «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында құрылатын бірыңғай транспорттық, логистикалық және коммуникациялық сәулетте біріктірілетін болады.

Қазіргі уақытта «Орталық-Оңтүстік», «Орталық-Шығыс», «Орталық-Батыс» басты бағыттары бойынша 11 жоба іске асырылуда. «Боржақты-Ерсай», «Алматы-Шу» теміржолы мен Құрық портына өтетін паромның құрылысы жүргізілуде. Бұл жобалар бүгінде 72 мың адамды жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етті.

 

4.3. Жаңа экспорттық тауашаларды игеру

Қазақстан өзіне жақын орналасқан елдердің экономикалық әлеуетін тиімді пайдалануы керек. Бірінші кезекте, бұл Қытай, Иран, Моңғолия, Үндістан, Пәкістан және Орталық Азия мен Кавказ елдері. Аталған мемлекеттер жыл сайын 3,5 трлн. доллардан аса тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді импорттайды.

Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) мүшесі болып табылады. Одаққа мүше мемлекеттер бірыңғай сыртқы сауда саясатын қолдануы тиіс. Осының негізінде Қазақстан қатысушы-мемлекеттермен бірге үшінші елдермен тауар Келісімдерін жаңа жеңілдікті сауда-саттық жасасу туралы келіссөздер жүргізу бойынша бірлескен жұмыстар жүргізеді. Бұл келісімдер елдердің бір-біріне белгілі бір артықшылықтар ұсынуына мүмкіндік береді және осы мемлекеттер арасындағы интеграциялық процестің дайындық кезеңі ретінде қарастырылады.

Мәселен, Еуразиялық экономикалық комиссия Иран Ислам Республикасымен және Үндістан Республикасымен Еркін сауда туралы келісім жасасудың мақсаттылығын зерделеу жөніндегі бірлескен зерттеу тобын құрды.

Сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басшылары 2015 жылғы 8 мамырда «Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім жасасу бойынша Қытай Халық Республикасымен келіссөздерді бастау туралы» шешім қабылдады.

4.4. Техникалық және кәсіби кадрларды дамыту

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту жаңа инвестициялық саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады.

Бүгінде біліктіліктің ұлттық жүйесінің негізгі элементтерін қалыптастыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Бизнеспен бірлесіп әрбір кәсіп үшін дағдылар мен құзыреттерге егжей-тегжейлі талаптарды айқындайтын кәсіптік стандарттар әзірленуде. Кәсіптік стандарттар негізінде практикалық дағдыларды ұсынуға бағдарланған жаңа білім беру бағдарламалары әзірленетін болады. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары түлектерінің біліктілігін растау біртіндеп жұмыс берушілердің (бизнес қауымдастығының базасында) құзырына берілетін болады.

Мамандарды тікелей даярлау сапасын көтеру үшін Германиямен, Жапониямен, Аустралиямен, Сингапурмен бірлескен білім беру орталықтары құрылатын болады, олар елдегі барлық техникалық және кәсіптік білім беру жүйелерінің моделіне айналады. Бұл шетелдік инвесторлардың Қазақстандағы техникалық білім беру жүйесіне деген сенімін қалыптастырады.

4.5. Тиімді ғылыми-инновациялық жүйе құру

Смарт-технологиялар, киберфизикалық жүйелер, болашақ энергетикасы, жобалау және инжиниринг салаларын дамыту болашақтың экономикасы үшін инвестициялық климатты жақсарту мен негіз құру жөніндегі жүйелі шаралардың бөлігі болады.

Мұны тиімді ғылыми-инновациялық жүйе құру арқылы ғана іске асыруға болады.

Мықты зерттеу университеттері мен Назарбаев университетінің «Astana Business Campus» хайтек-паркі және Алматыдағы «Алатау» инновациялық технологиялар паркі базасында құрылып жатқан
2 инновациялық кластер – тиімді ғылыми-инновациялық жүйенің іргетасы болады.

Astana Business Campus

Қазіргі таңда Назарбаева Университеті Astana Business Campus ғылыми паркін құру бойынша жұмыстар жүргізуде. Ғылыми парк елдегі басты инновациялық белсенділіктің басты орталықтарының біріне айналады және өзінің шаңырағына білім беруді, зерттеу мен тікелей жоғары технологиялық өнім алу өндірісін топтастырады.

Бұдан басқа, Назарбаев Университетінің ғылыми емес орталықтары мен мектептері 200-ге жуық ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыруда. Бүгінде Назарбаев Университетінде интеллектуалды-инновациялық кластердің негізгі элементтері – Коммерцияландыру кеңсесі, Пилоттық Технопарк және Бизнес-инкубатор жұмыс істейді.

Сонымен қатар, Назарбаев Университеті ЭКСПО-2017-нің «Болашақ Энергиясы» тақырыбын ілгерілету мақсатында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-пен ынтымақтастық орнатуда. Үздік тәжірибелер аймағына жобаларды іріктеуді жүзеге асыру үшін құрамына танымал ғалымдар мен сарапшылар кірген Халықаралық іріктеу комиссиясы құрылды.

«Алатау» инновациялық технологиялар паркі

Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға «Инновациялық технологиялар паркі» (ИТП) еркін экономикалық аймағына (ЕЭА) қатысушы-компанияларға бағытталған инвестицияның жалпы көлемі 1,5 млрд. теңгені құрады. «ИТП» ЕЭА-ға қатысушылар саны 150-ден астам компания болып табылады. Компаниялардың өндірістік қуаттарды жаңғыртуға салған инвестиция көлемі 3,3 млрд.теңгені құрады. Тауар өндіру, жұмыс және көрсетілетін қызметтің жалпы көлемі – 46 млрд. теңге.

«ИТП» ЕЭА аясында жүзеге асырылатын жобалар негізінде Алматы қаласын дамытуға байланысты: бұл көліктік жобалар – Үлкен Алматы айналмалы автомобиль жолы құрылысы, халықаралық авиациялық хаб, туристік жобаларды дамыту және «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру.

5. Жаңа әлеуметтік саясат

 

Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру әрқашан Мемлекет басшысының әлеуметтік салада жүргізіп отырған саясатының басымдықтарының бірі болып келді және солай бола бермек. Осылайша, жаһандық дағдарыстың кері әсерлеріне қарамастан мемлекет білім беру мен денсаулық сақтауды қоса алғанда, әлеуметтік салаға арналған шығыстарды жыл сайын арттыруда. 3,5 миллионнан астам азаматтың зейнетақы, жәрдемақы және басқа да төлемдері мемлекет тарапынан қаржыландырылады.

Бұдан басқа, Мемлекет басшысы білім беру мен денсаулық сақтау салалары арқылы еліміздің адами капиталын дамытуға бағытталған тұтас саясат жүргізіп отыр.

Азаматтарымыздың әлеуметтік өзін-өзі сезінуін жақсарту бойынша жүйелі іс-қимылдардың жалғасы ретінде Мемлекет басшысының мынадай бірқатар тапсырмалары бар.

5.1. Халықты әлеуметтік қолдау шаралары

 

Азаматтық қызметшілердің жалақысын жоғарылату

Қазақстанда барлығы 1 млн-нан астам азаматтық қызметші бар, олар: мұғалімдер, дәрігерлер, мәдениет, әлеуметтік сала қызметкерлері және т.б.

Олардың еңбегіне ақы төлеу жүйесінің ең басты проблемасы сол –  басшы да, негізгі қызметкер де, әкімшілік қызметтерді атқаратын мамандар да бір санаттағы лауазымға жатқызылып келді. Еңбек өтілі бірдей барлық қызметкер бірдей лауазымдық жалақы алды. Бұл жағдай теңгермешілікке және еңбекке деген ынтаның төмендеуіне әкелді.

Бұған қарағанда, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген жаңа модель азаматтық қызметшілердің лауазымдарын 4 санатқа бөлуді көздейді: басқарушы, негізгі, әкімшілік-шаруашылық және біліміне, біліктілігіне, жұмыстың орындалу күрделілігі мен жауапкершілік дәрежесіне байланысты техникалық персонал.

 
А блогы басқарушы персонал ұйымның даму стратегиясы және басқарушылық шешімдер қабылдау ұйымның басшылары мен орынбасарлары, ұйымның бағыныстылық деңгейіне байланысты құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен орынбасарлары
В блогы негізгі персонал ұйымның негізгі функция-ларын іске асыру дәрігерлер, мұғалімдер, ғылыми қызметкерлер, әлеуметтік қызметкерлер, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен ұйымның негізгі функцияларын атқаратын басқа да қызметкерлер
С блогы әкімшілік персонал әкімшілік-құқықтық және шаруашылық функциялар заңгерлер, есепшілер, экономистер, аудармашылар, шаруашылық қызметтердің меңгерушілері
D блогы қосалқы персонал қосалқы және техникалық функциялар іс жүргізушілер, мұрағатшылар, кассирлер, коменданттар, хатшылар

Бұл модель сонымен қатар лауазымдық жалақыны есептеп шығару үшін арнайы коэффициенттер торын енгізуді және қосымша ақылар мен үстемеақыларды оңтайландыруды көздейді.

Енді жаңа жүйе бойынша мұғалімнің лауазымдық еңбекақысы негізгі жалақының 61%-нан,  үстемақының 38,8%-нан тұратын болады. Дәрігерлер үшін де солай: 59% – олардың лауазымдық еңбекақысы, қосымша ақы мен үстеме ақысы –  39,1%.

Қорытындысында, денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің еңбекақысы 7%-дан 28%-ға, білім беру саласында – 15%-дан 29%-ға, басқа салаларда – 28%-дан 40%-ға дейін артты.

Азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа тәсілдері мұғалімдердің, дәрігерлердің, әлеуметтік қамтамасыз ету қызметкерлерінің жұмыс беделін арттыруға, мансаптық және кәсіби өсуіне, сондай-ақ көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын жақсартуға ықпалын тигізеді.

«Б» корпусындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілер жалақысын – 30%-ға, студенттер стипендиясын – 25%-ға ұлғайту

Бұл шаралар шамамен 98 мың мемлекеттік қызметші мен 340 мың студентке қатысты. Осы мақсатта 2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджетте жалпы алғанда 96,6 млрд. теңге қарастырылған.

Ынтымақты зейнетақыларды индекстеу

Қиын экономикалық жағдайларға қарамастан, Үкімет зейнеткерлердің өмір сүру деңгейінің төмендеу қарқынын азайтуға бағытталған шараларды жүйелі түрде қабылдады.

Соңғы 10 жылда мемлекеттік базалық зейнетақы мөлшері 3,7 есеге өсті (3 000 теңгеден 11 182 теңгеге дейін), ең төменгі зейнетақы 3,8 есеге
(6 200-ден 23 692 теңгеге дейін) артты. Осы кезеңде орташа ынтымақты зейнетақы төлемі 4,3 есе (9 142-ден 39 379 теңге) өсті.

2014 жылы Мемлекет басшысы ҚР зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекітті, оған сәйкес ынтымақты зейнетақы төлемдерінің мөлшері жыл сайын инфляция деңгейін 2%-ға алдын ала отырып индекстелуде.

Статистикалық деректерге сәйкес ел бойынша орташа инфляция деңгейі 7%-ды құрады. Тиісінше, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақы 9%-ға көбейтілді. Нәтижесінде, ынтымақты зейнетақылардың орташа мөлшері бүгінгі таңда шамамен 43 мың теңгені құрайды.

Бұдан басқа, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақы төлемі  11 965 теңге мөлшерінде белгіленді, ең төменгі зейнетақы – 25 824 теңгені құрады. Осыны негізге алғанда, 2016 жылы ең төменгі зейнетақы төлемі (ең төменгі зейнетақы + базалық зейнетақы) 37,7 мың теңгені құрайды, ал орташа зейнетақы мөлшері базалық зейнетақыны ескергенде 54,0 мың теңгені құрайды.

2018 жылғы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы, зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты тағайындалады. Яғни, кім көп жұмыс істеп, зейнетақы жүйесіне аударымдарды қамтамасыз етсе, сол азаматтарда зейнетақы көп болады.

Әлеуметтік жәрдемақылар көлемін өсіру

Мүгедектігі, асыраушысынан айырылу жағдайына және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар алатын азаматтарды қолдау мәселелері де әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Мәселен, оларды төлеуге 2005 жылмен салыстырғанда 2015 жылы жалпы шығыстар 51,9 млрд. теңгеден                       177,5 млрд. теңгеге дейін (3,4 есе) ұлғайды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әлеуметтік қорғауды одан әрі күшейту мақсатында 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша зейнетақы мөлшері
25%-ға өсті.

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты осы жәрдемақылардың, сондай-ақ жасына байланысты жәрдемақылардың көлемі 7%-ға ұлғайды. Жәрдемақының 7%-дық өсуі                  №1 және №2 тізім бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, бала тууға байланысты бір реттік мемлекеттік жәрдемақы, бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-анаға, қамқоршыларға ай сайынғы жәрдемақы, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға және жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына бір жолғы ақшалай өтемақы алатындарға да қатысты болды.

Осы шаралардың барлығы мемлекеттің азаматтар алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындап жатқанын дәлелдеп отыр.

5.2. Жаңа әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттары

Мемлекет басшысының Жолдауында жаңа әлеуметтік саясатты әзірлеуге бастамашылық жасалды. Президенттің пікірінше, әлеуметтік салада мемлекеттің рөлі тек халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын және адами капиталға инвестицияларды қолдаумен шектелуі қажет.

Халықаралық практика көрсетіп отырғандай, көптеген дамыған елдер әлеуметтік саясаттың белсенді шараларына көшті. Атап айтқанда, мемлекеттердің іс-қимылы жәрдемақылар мен өтемақылар арқылы «жылыжай жағдайын» жасау емес, керісінше белсенділік пен жұмыс іздеуді (әсіресе жастарда) ынталандыратын көмек беруді ұсынуға бағытталған.

Сондықтан Мемлекет басшысы әлеуметтік қорғаудың атаулы жағын күшейте отырып, оның тетіктерін жетілдіру жөнінде міндет қойды.

Жаңа әлеуметтік саясат мынадай бағыттарды қамтитын болады.

Атаулы әлеуметтік көмекті жаңғырту

Қолданыстағы атаулы әлеуметтік көмектің проблемасы ретінде көмек алушылардың - аз қамтылған азаматтардың жұмыспен қамтылуға деген уәжінің жеткіліксіздігі  болып табылады, себебі өздерінің төмен кірістерін дәлелдеуден бөлек шын мәнінде олардың мемлекет алдында басқа міндеттемелері жоқ. Мұндай жағдай әлеуметтік масылдықты туғызады және түп негізінде табысы төмен азаматтардың проблемаларын шешпейді.

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - АӘК) енгізілетін болады.

Оның мәні мынада –  атаулы қолдау тек қана объективті себептермен жұмысқа орналаса алмаған көмекке мұқтаж азаматтарға (олардың шын кірістері, өмір сүру жағдайлары негізінде) көрсетіледі. Мысалы, мектеп жасына дейінгі балалары бар жалғызбасты ана.

Жұмыс істей алатындармен әлеуметтік келісімшарттар жасалатын болады. Оларға қол қоя отырып, азамат жұмыс табуға міндеттеледі. Бұл мәселеде оларға жұмыспен қамту орталықтары көмектесетін болады. Жұмыспен қамту бағдарламаларына қатысу жоғары әлеуметтік көмек мөлшерін алуға мүмкіндік береді.

Еңбекке жарамды азаматтар оған қатысуға бас тартқан жағдайда – АӘК-тің мөлшері тек ғана балаларға ғана тағайындалады.

АӘК-тің  жаңа моделін іске асыру 2014 жылы пилоттық режимде бірқатар өңірлерде басталды.

Пилоттық жобаның алғашқы нәтижелері қазірдің өзінде бар.
2015 жылдың қорытындысы бойынша 3,2 мың отбасы әлеуметтік келісімшарт жасасты. Бұл шамамен 15,9 мың адам.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына шамамен                   4 мың адам тартылды. Осылайша, шамамен 1 мың адам «Жұмыспен қамту -2020» жол картасының қатысушылары болды, 2 мың адам тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды, 800-ден астам адам қоғамдық жұмыстарға және әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді, 130-дан астам адам қайта даярлаудан (біліктілігін жетілдіруден) өтті.

Пилоттық өңірлердегі жобаның іске асырылу нәтижесінде жобаға қатыспаған кезіндегі мерзіммен салыстырғанда қатысушылардың жан басына шаққандағы табыс көлемі 2,1 есеге артқан.

Биылғы жылы осы тәжірибені еліміздің барлық өңірлерінде пилоттық режимде кеңейту де жоспарланған.

Өмір сүрудің ең төменгі деңгейінің әдістемесін қайта қарау

Ең төменгі күнкөріс деңгейі (бұдан әрі –  КД)  әлеуметтік саясатты жүзеге асырудағы базалық құралдардың бірі болып табылады. Ол кедейлік шегін, сондай-ақ ең төменгі еңбекақыны, базалық зейнетақыны және басқа да әлеуметтік төлемдерді белгілеу үшін пайдаланылады.

КД – бұл мөлшерi бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бiр адамға қажетті ең төмен ақшалай кiрiс. Бүгінгі күні КД мөлшері
22 859 теңгені құрайды.

Тұтыну себеті өз кезегінде, азық-түлік себетінен (60%) және азық-түліктік емес тауарлар/көрсетілетін қызметтерден (40%) тұрады.

Азық-түлік себетінің құрамына 43 азық-түліктің атауы кіреді, ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған нормаларға сәйкес келеді.

Сонымен бірге, соңғы жылдары азық-түліктік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге қазақстандықтардың тұтыну шығыстарының артуы бөлігінде оның өзгергендігі байқалады, ал қолданыстағы КД-ні есептеу әдістемесі 2005 жылдан бері қайта қаралмаған.

Нәтижесінде, қолданыстағы КД нақты жағдайға сәйкес келмейді.

Осыған байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап КД-ні есептеу әдістемесін өзгерту жоспарланды. Бұл ретте, Мемлекет басшысы азаматтардың жекелеген топтарының (мүгедектер, көп балалы аналар, қарттар) ерекше сұраныстарын ескеру қажеттігін ерекше атап өтті.

Қазіргі уақытта Қазақ тамақтану академиясының сарапшылары іске тартыла отырып:

а) әртүрлі жыныстағы-жастағы топтар үшін азық-түлік себетінің құрамы мен тамақ өнімдерін тұтынудың ең төмен нормаларын қайта қарау;

б) КД құрылымында азық-түлік пен азық-түліктік емес тауарлар үлестерінің арақатынасын өзгерту бөлігінде тиісті ғылыми зерттеу жүргізіліп жатыр.

Зерттеудің  аяқталу қорытындысы бойынша, қоғамның кең қатысуымен, нақты ұсыныстар тұжырымдау жоспарланған.

Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жаңғырту

Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі елімізде дәйекті жетілдірілуде.

Мәселен, бірінші кезеңде (2012-2013 жж.) жергілікті деңгейде қосарланған көмек түрлеріне оңтайландыру жүргізілді, нәтижесінде                   65 төлемнің 2-еуі ғана қалдырылды, сондай-ақ әлеуметтік тұрғыдан осал азаматтардың 54 қайталанатын санаты мен тобының орнына 11 санаттан тұратын құрылым айқындалды.

Бұл шаралар масылдықтың алдын алуға, атаулы әлеуметтік қолдауды күшейтуді, әлеуметтік көмек түрлері мен мөлшерлерін реттеуді, жергілікті деңгейде төлемдерді тағайындаудың бірыңғай тәртібін белгілеуді, әлеуметтік төлемдерді тағайындау мен жүзеге асырудың жеңілдігі мен ашықтығына бағытталған.

Екінші кезеңде (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап) мемлекеттің толық қамтамасыз етуіндегі азаматтарға (медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрып жатқан) арналған әлеуметтік төлемақыларға оңтайландыру жүргізіледі.

Оларға тағайындалған ынтымақты зейнетақы немесе мүгедектігі/асыраушысынан айырылу бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар өзгеріп отыратын болады:

зейнеткерлер үшін ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем болмайтын немесе мүгедектер үшін кем дегенде ең төменгі күнкөріс деңгейі көлеміндегі төлемнің бір бөлігі жеке мұқтаждары үшін алушылардың өздеріне есептеліп берілетін болады;

төлемдердің қалған бөлігі олардың өздерін күтуге – қарттар мен  мүгедектерге арналған интернат үйлеріне  бағытталатын болады.

Үшінші кезеңде (2018 жылғы 1 қаңтардан бастап) 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар, төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға арнайы мемлекеттік жәрдемақылар АӘК-тің жаңа форматына ауыстырылатын болады. Бұл төлемдерді тағайындау тәртібін жеңілдету мен оны әкімшілендіру процесін  оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Осы мақсатта мүгедектерге төленетін мемлекеттік әлеуметтік және арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар біріктіріледі (мүгедектердің құқықтарына нұқсан келтірілмейді, себебі жәрдемақы мөлшері азаймайды).

2018 жылғы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы төлемін тағайындаудың жаңа тәртібін енгізу нәтижесінде (қатысу өтіліне байланысты) жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы оңтайландырылады.

Жұмыспен қамту - 2020 жол картасын жаңарту

Мемлекет басшысы Жолдау шеңберінде Жалпыға бірдей Еңбек қоғамы идеясын іске асыру мәселесіне ерекше назар аударды. Президенттің пікірінше, жаңа экономикалық жағдайлар халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды күшейту қажеттігін  талап етеді.

Жұмыспен қамту - 2020 жол картасының 2011 жылдан бастап іске асырылуы, елдегі жұмыссыздық деңгейін 5,8%-дан 5%-ға дейін төмендетуге ықпал етті. Бағдарламаны іске асыруды бастағаннан бері оған 600 мың адам  қатысты. Экономикалық әлеуеті жоғары елді мекендерге шамамен 17,1 мың адам көшірілді. Еңбекке жарамды қоныс аударған адамдардың 78%-ы жаңа тұрғылықты жері бойынша жұмысқа орналасты.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жұмыс орындарын ашуға және сақтауға, қызмет көрсету саласында жұмыспен қамтуды ұлғайтуға ерекше көңіл бөліне отырып, Үкімет 2015 жылғы 8 желтоқсанда Жұмыспен қамту - 2020 жол картасына түзетулерді мақұлдады.

Жаңартылған Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы мынадай шараларды қамтиды.

Бірінші. Білікті қызметкерлердің жұмыс орындарын сақтау бойынша

Ірі өнеркәсіп орындарында өндіріс көлемінің немесе әлемдік баға конъюнктурасына байланысты өнімдер бағасының төмендеуі жағдайында білікті жұмыскердің жұмыс уақытының қысқаруынан жоғалтқан еңбекақысының үштен екі мөлшерін уақытша субсидиялау қарастырылатын болады.

Екінші. Еңбек ресурстарының сапасын көтеру бойынша

Жұмыс берушілерге өнеркәсіп орындарының жұмыскерлерін оқытуға гранттар беруге (қайта даярлауға/біліктілікті арттыруға), сөйтіп олардың жұмыс орындарын сақтап қалуға кепілдік беріледі, мұндағы оқыту шығындарының 80%-ын – мемлекет, ал 20%-ын жұмыс берушінің өзі өтейді.

Бұдан басқа, 18-ден 24 жасқа дейінгі жұмыс істеп жүрген жастарды жұмыс берушінің олардың жұмыс орындарын еңбекақы төлеусіз сақтап қалу шарты негізінде кәсіптік оқытуын ұйымдастыру қарастырылған.

Үшінші. Жаңа жұмыс орындарын ашуды ынталандыру бойынша

Бұл микрокредиттеуді кеңейтуді, оның ішінде ұсақ тауарлы өндірістерді (шағын бордақылау алаңдары, шағын сүт кәсіпорындары, шағын құс фермалары) ұйымдастыруды білдіреді. Бұл ретте берілетін микрокредиттеу мөлшерін 6 млн. теңгеге дейін ұлғайту ұсынылады.

Бағдарлама шеңберінде сонымен қатар, азаматтардың жұмыс қолы артық өңірлерден жұмыс бар өңірлерге өз еркімен қоныстануын кеңейту ұсынылады. Оларға жұмысқа орналастыру түрінде қолдау көрсетілуімен қатар, жалға берілетін баспанамен, жатақханамен қамтамасыз ету және көші-қон шығындарын өтеу, Жұмыспен қамтудың жол картасы шарттарымен
5 млн. теңгеге дейін шағын микрокредит беру көзделетін болады. Мемлекеттік қолдаудың мұндай шаралары Үкімет айқындаған және қайта қоныстанудың өңірлік квотасына енгізілген өңірлерге келген адамдарға ғана берілетін болады.

Төртінші. Қызмет көрсету саласында жұмыспен қамтуды кеңейту бойынша

Бұл үшін қонақүй кешендері, қоғамдық тамақтандыру және тұрғындарға қызмет көрсету жөніндегі басқа да салалар қызметкерлерін оқыту және кадр даярлау үшін қысқа мерзімді курстар ұйымдастыру (ЭКСПО-2017 көрмесіне даярлық шеңберінде) жоспарлануда.

Бұл ретте оқытуды тиісті халықаралық стандарттарға сай келетін сапаны қамтамасыз ету үшін отандық және  шетелден шақырылған жоғары білікті жаттықтырушылар жүргізетін болады.

55-тен 64 жасқа дейінгі жұмысынан айырылған адамдар үшін кәсіптік даярлаудың және кейіннен жұмыспен қамтудың арнайы мақсатты бағдарламалары іске асырылатын болады.

Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту

Бүгінде елімізде 807 техникалық және кәсіптік білім беру (бұдан әрі – ТКБ) мекемесі бар, олардың қабырғасында 499,5 мың адам білім алып жатыр.

ТКБ қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында кепілдендірілген алғашқы жұмысшы кәсібін енгізу жөніндегі Мемлекет басшысының бұрын берген тапсырмасы аясында, азаматтарға кепілдендірілген тегін ТКБ және түлектерге жұмыс біліктілігінің деңгейін беру бөлігінде «Білім туралы» Заңға толықтырулар енгізілді.

Сонымен қатар, заңнамада «дуальды білім беру» ұғымы және оны іске асыруға мүдделі тараптардың құзыреті бекітілді. Қазіргі таңда 10 барынша басым салалар бойынша 1715 кәсіпорынның қатысуымен 348 колледжде дуальды білім беру енгізілуде. Басты әріптестер Өскемендегі арматура зауыты, Конденсатор зауыты, «Арселор Миталл Теміртау», «Қазақмыс» корпорациясы, Павлодар машина жасау зауыты және басқалары болып табылады.

Өңірлердегі еңбек ресурсына қажеттілікті қалыптастыратын экономиканың басым салалары негізінде Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының жобалары үшін кадр дайындау бойынша 10 базалық колледж айқындалды.

Мемлекет басшысы Жолдауында 2017 жыл «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім» атты жаңа жобаның басталған жылы болып жарияланды.

Бірінші кезеңде ТКБ-нің тегін болуын мыналар үшін қамтамасыз ету ұсынылады:

1) колледждерде жұмысшы мамандықтары бойынша білім алып жүргендер;

Қазіргі таңда олардың саны 97 мың адамды құрайды, оның ішінде
4 мыңы ақылы негізде оқуда.

2) жыл сайын еңбек нарығын толықтырып отыратын жұмыс біліктілігі жоқ 90 мыңға жуық адам;

Бұл санатқа орта мектеп бітірушілері (орташа алғанда 20 мыңнан астам мектеп бітірушілер, колледждерден шығарылған 60 мың адам және ЖОО-дан шығарылған 34 мың адам (қаржылық қиындық, үлгерімі себептермен және т.б.) кіреді.

3) өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар қатарынан 300 мыңнан астам біліктілігі жоқ жастар.

Қазіргі таңда бұл ұсыныстарды Білім және ғылым министрлігі, мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілердің өкілдерін тарта отырып, пысықтауда.

Бұдан басқа, ТКБ тізбесін, оның ішінде азаматтар тегін білім алатын жұмысшы мамандықтар тізбесін жаңарту бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Сонымен қатар мектептің жоғары сынып оқушыларының жұмыс істеп тұрған оқу-өндірістік комбинаттар мен колледждерде жұмысшы біліктілігін алуы мәселесі қарастырылуда.

Бұл шараларды мектептегі жоғары сынып оқушылары мен  жұмыспен қамтылмаған  жастар арасында кәсіптік бағдарлау мен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарымен қатар жүргізу жоспарлануда, бұл оларды ТКБ алуға жұмылдыруға мүмкіндік береді.

Жобаға қатысу жас қазақстандықтар үшін оларға өмір бойы қажет болатын базалық еңбек дағдыларын алуға мүмкіндік береді.

6. Қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету

Қазақстан дамуының заманауи кезеңі, елде болып жатқан әлеуметтік және экономикалық процестер ішкі істер органдарының алдында жаңа міндеттер қояды. Солардың бірі қазақстандық полицияның құқыққорғау қызметін әрі қарай жетілдірудің қажеттігі.

Ең алдымен, ІІМ жүйесінің қоғам үшін жоғары кәсіби және ашық болуын мүмкін шараларды қабылдау.

         6.1. Заманауи қазақстандық полицияны құру

ІІМ ең ірі, көп құрамды және кең функционалды құқыққорғау органы болып табылады. Сондықтан ішкі істер органдарына жанжақты міндеттер жүктелген:

-         құқықбұзушылықтың алдын алу;

-         қоғамдық тәртіпті қорғау;

-         қылмыспен күрес;

-         қылмыстық жазаларды орындау және әкімшілік тәркілеу.

Қазір министрліктің құзыреті мынаны қамтиды:

-         заңсыз көші-қонмен күрес функциясы,халықты құжаттандыру және тіркеу, шетелдіктерді және босқындарды есепке алу және тіркеу. Бұл қызметтер Көші-қон полициясы департаментіне жүктелген.

-         нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жасау аумақтарда төменгі бөліністері бар Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаментіне жүктелген.

Құқықтық саясат концепциясын іске асыру шеңберінде ІІМ өзіне тән емес функцияларынан босатылды:

-         медициналық айықтырғыштар денсаулық сақтау органдарына берілді;

-         кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтары – білім беру жүйесіне.

Күзету қызметі саласында ІІМ аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық объектілерді күзетеді.

Көлік құралдарын техникалық қарау сияқты қалған барлық функциялар бәсекелік ортаға жіберілді.

Жол және патрульдік полиция реформаланды. Бұл бөліністер бірыңғай қызметке біріктірілді. Қазіргі таңда оларға негізгі екі міндет жүктелген: қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Сонымен қатар ІІМ құрамына қылмыстық жазаларды атқару жүйесі кіреді. Бұл сала Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне жүктелген.

2015 жылғы тамызда Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйесі түбегейлі оңтайландырылды және қайта құрылды.

10 министрлік және 8 агенттік жойылды. Осы реформаның барысында ТЖМ жойылды. ІІМ-ге Төтенше жағдайлар комитеті басқаратын азаматтық қорғау жүйесі берілді.

         6.2. Қылмыстық сот өндірісінің жаңа моделі

Қазір полиция барлық құқыққорғау және сот органдары сияқты жаңа қылмыстық сот өндірісінің жаңа моделінде жұмыс жасауда.

Қазір жаңа Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Қылмыстық атқару, сондай-ақ Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстерінің нормалары күшіне енді.

Тұңғыш рет Қылмыстық кодекске әкімшілік құқықбұзушылық пен қылмыстың шегінде тұрған қылмыстық теріс қылықтардың 125 құрамы енгізілген. Олар бойынша тергеу хаттамалық нысанда жүзеге асырылады. Оларды жасағаны үшін айппұл түрінде және түзеу жұмыстары түрінде жауапкершілік көзделген. 2017 жылғы қаңтардан жазалаудың қосымша түрі – ұзақ мерзімге «қамау» енгізіледі. Қамау қылмыстық-атқару жүйесінің құрамында болатын қамау үйлерінде жүзеге асырылады.

Алдын ала тергеу кезеңі жойылды. Барлық құқықбұзушылықтар туралы түскен ақпарат алдын ала тергеудің бірыңғай тізімінде тіркеледі, олар бойынша бірден тергеу басталады. Оларды қарастырудың жеделдігі бір күнге дейін артты.

Қылмыстық сот өндірісінде процестік прокурор және тергеу соты деген жаңа процестік тұлғалар пайда болды.

Анық қылмыстар бойынша жеделдетілген нысандағы алдын ала тергеу дамуда (15 күн). Бүгін осындай тәртіпте сотқа барлық істердің үштен бірі жолданады.

Жалпы жаңа қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнама негізгі міндетін шешті. Қылмыстық сот өндірісіндегі процестер жеделдетілді, бұрмалаушылық жойылды.

         6.3. Полицияның ашықтығы

ІІО қызметінде халық алдында ашық және есеп беруді қамтамасыз ететін түбегейлі өзгерестер көзделген.

Полицейлердің қызметі ауыр, жанжақты міндеттер жүктелген, сондықтан олардың жұмысында кемшіліктер де бар.

Ішкі істер органдарының жүйесінде өзіндік қауіпсіздік және жеке құрам жөніндегі инспекция қызмет етеді, олар полиция қызметкерлері тарапынан заңдылықты бұзу фактілерімен кездеседі.

         Республикалық «ІІМ-нің бірыңғай сенім телефоны» («1402» нөмірі) құрылған. Ол тәулік режимінде жұмыс істейді және азаматтар әр уақытта полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне шағымдана алады.

         Бағынысындағылардың теріс қылықтары мен қылмыстары үшін басшылардың жауапкершіліктері артқан.

         Тәртіптік комиссиялар және офицерлік, полицейлік жиналыстар да бар, онда біздің қызметкерлер тәртібінің бұзылуы фактілері қарастырылған.

         Барлық өтініштер, сыни жарияланымдар бойынша тексерістер жүргізіліп, ал оларға ден қою шаралары бұқаралық ақпарат құралдарына жолданады.

         Сонымен қатар, ішкі істер органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін интернет-ресурстар белсенді қолданылады.

         ІІМ және аумақтық департаменттердің ресми сайттарында үш тілде ІІО қызметі туралы барлық ақпарат орналастырылады.

         Күн сайын біздің ведомстволық сайттарда, бағдарламалық қосымшаларда пайдаланушылар құқық бұзушылықтардың ондаған фото-бейне түсірілімдерін, негізінен жол қозғалысы, абаттандыру ережесін сақтамау, сондай-ақ жасалған қылмыстардың айғақтарын орналастырады. Әрбір осындай дабыл бойынша ден қою шаралары қабылданып, құқық бұзушылар жауапкершілікке тартылады. Бұл жұмыстың нәтижелері жұртшылыққа жеткізіледі. Осымен біз серіктес қатынастарын, халықпен «кері байланыс» орнатамыз.

- «Министрдің блогы» жұмыс істейді, онда «Сұрақ-жауап» режиміндегі жүйе министрліктің азаматтардың өтініштеріне жедел ден қоюдың және құқықтық сұрақтарды түсіндірудің шынайы тетігі болды. Осындай жұмыстар өңірлердегі ІІД бастықтарымен де жүргізілуде.

         6.4 ІІО жоғары кәсіби кадрлық құрамын құру

 

         Бұл тапсырманы іске асыру үшін «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заңға және «Құқық қорғау қызметі туралы» заңға өзгерістер енгізу нормалары қосылған.

         Үш сатылы іріктеу бірінші кезекте мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органдарға заңдылықты білу деңгейіне үміткерлерді тестілеуден өткізу. Оған қоса, үміткерлердің жеке қасиеті де бағаланады. Басқаша айтқанда, осы немесе басқа қызметте жұмыс істеу қабілетіне, әдептілігіне, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікке және т.б. тексеріледі.

         Тест нәтижесі бойынша оларға конкурсқа қатысу үшін міндетті талап болып табылатын сертификат беріледі.

         Екінші кезең арыздарды қабылдау, медициналық тексеріс, барлық тіркеулер бойынша арнайы тексерістер, әңгімелесулер, құқық қорғау органдарының алғашқы оқытуынан және даярлығынан өту болып табылады.

Тек қана осы сатылардан сәтті өткен жағдайда үшінші саты шеңберінде үміткер қызметке тағайындалады.

         6.5 Жергілікті полиция қызметін құру

         Қазіргі уақытта ішкі істер органдарының жүйесінде жергілікті полиция қызметі құрылған, онда жергілікті атқару органдарына және жергілікті бірлестіктерге есеп береді, ал бағалау деңгейі оның қызметі туралы халықтың пікірі болып табылады.  

         Жергілікті полиция қызметінің басты бағыттары ретінде қоғамдық тәртіпті қорғау және құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады.

Жергілікті полиция қызметінің құрамына осы функцияларды ескере отырып, учаскелік инспекторлар, жол-патрульдік, ювеналды, табиғатты қорғау полициясы, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөліністері, қабылдап-тарату және арнайы қабылдайтын орындар кірген.

         Жергілікті полиция қызметін құрумен оған және әкімдерге екі маңызды тапсырмалар жүктелген.

         Бірінші тапсырма – қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қорғауды қамтамасыз ету. Бұл міндет нақты анықталып, «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңмен өңірдегі әкімдерге жүктеледі.

         Екінші тапсырмақұқық бұзушылықтың алдын алу мемлекеттік жүйесін құру. Мұнда учаскелік полиция инспекторлары, кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі бөліністер басты рөл атқарады.

         «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» заңында тапсырма жергілікті атқару органдарына жүктеледі, олар бұл қызметті ұйымдастыру ғана емес, сондай-ақ оны қаржыландырумен қамтамасыз етуге міндетті.

         6.6 ҚАЖ мемлекеттік жеке серіктестік қағидаттарын енгізу

         Бірінші кезекте пенитенциарлы инфрақұрылымды жетілдіру халықаралық стандарттарға жауап беретін жаңа үлгідегі қылмыстық-атқару мекемелерін салу болып табылады. Осылайша, қазіргі кезде сотталғандарды бөлек камераларда ұстау үшін жаңа мамандандырылған түзеу мекемелерін салу мәселелері қарастырылуда, оған салмақты қаржылық салымдарды қажет ететін 25 түзеу мекемесін салу керек.

         Осындай 1500 орынға бір мамандандырылған түзеу мекемесін салу                  18 млрд теңгеге бағаланады.

         Аталған шараларға ауқымды шығынды ескере отырып, мемлекеттік бюджет үшін бұл тапсырманы шешу дамыған мемлекеттерде іске асырылатындай жеке салымдарды тарту жоспарлануда.

         Мемлекеттің пайдасы да анық, бұл:

-         бюджеттік жүктемені уақытқа (30 жылға) бөлу;

-         халықаралық стандарттарға сәйкес сотталғандарды ұстау жағдайларын қалыпқа келтіру;

-         жұмыспен қамтамасыз етілген сотталғандардың санын арттыру;

-         сотталғандардың кірісін қалыптастыру;

-         өндірістік құралдарды жетілдіру;

-         жеке капиталды пайдалану және жаңа бизнес түрлерінің пайда болуы үшін жаңа салаларды енгізу;

Жеке сектор қаржылық қауіп-қатерсіз кепілді жоба алады, жаңа түзеу мекемелерінің базасында бәсекелестік өнімді өндіруді ретке келтіріп, өңделетін өнімге мемлекеттік тапсырысты ала алады.

Қазіргі уақытта ҚАЖ мекемелері өнеркәсіптің әр түрлі салаларының өнімдерін, ауыл шаруашылық өнімдерді шығарады. Барлығы 11 жаңа өндіріс орны және 52 өнім түрі игерілген. 

 

Белгіленген барлық шаралар ІІО одан әрі реформалау бойынша халық үшін жоғары тиімді және ашық, азаматтардың мүдделерін сенімді, қоғамды және мемлекетті әрбір қарама-қарсы қол сұғушылықтардан  қорғауға қабілетті полицияны құруға мүмкіндік береді.