17 krug stol pvl 1 Кеше “Нұр Отан” партиясының мәжіліс залында “Үшінші жаңғыру - Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігі” Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдауын талқылау бойынша аудандық актив өтті. Әрбір қатысушы Жолдауда белгіленген жаңа мақсаттар мен идеялар туралы өз пікірлерін айтты.
17 krug stol pvl 2 Актив жұмысына аудандық мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, “Нұр Отан” партиясының өкілдері, зиялы қауым, кәсіпкерлер және жастар қатысты.
Елбасы Жолдауында айтылған мемлекеттік қызметшілер қызметінің негізгі бағыттары мен оларды іске асыру жөніндегі міндеттері туралы баяндамасымен Качир ауданы 23-ӨСБ бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Б.Н. Сәдуақасов сөз сөйледі.
17 krug stol pvl 3 Б.Н. Сәдуақасов өзінің баяндамасында: «Мен Ел басының халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігі мен әдептілігі мәселелеріне назар аударуды күшейтуге қосыламын».
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында барлық сұрақтарға жауап тауып алуға болады, біздің елімізде халықты әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қабылданғаны туралы айтты. «Нұр Отан» партиясы Качир аудандық филиалының өкілі А.Қ. Төлепбергенов жемқорлыққа қарсы әрекет шараларының жүйесі туралы түсініктеме берді.
В.В. Анкушева,
Павлодар облысы ТЖД
Качир ауданнының ТЖБ инженері